
Еңбек тәуекелдерінің картасы және жалақы берешегі туралы
(2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша)
Еңбек ұжымдарындағы наразылық әлеуетті анықтау бойынша құрылған мониторингтік топ белсенді қызмет атқарып келеді.
Еңбек ұжымдарындағы наразылық әлеуетті анықтау азаматтардың өтініштерін, ақпараттық жүйелерді, БАҚ-ты, интернет ресурстарды мониторингтеу және мемлекеттік органдармен жедел ақпарат алмасу жолымен жүргізіледі.
Облыста әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың отырыстарында кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін кешенді қарау тәжірибесі жолға қойылған. 2026 жылы үшжақты комиссиялардың 52 отырысы өткізілді.
Қызметкерлер алдындағы жалақы бойынша берешек мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Жалақы берешегі бойынша заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге 32 нұсқама берілді, 30 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 6,833 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың басынан 27 кәсіпорында 40 қызметкерге жалпы сомасы 39,1 млн. теңге көлемінде жалақы берешектері өтелді.
Әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатері бойынша Мониторингке сәйкес: қазіргі таңда жалақы берешегі 3 кәсіпорында 32 адамның алдында 10,945 млн. теңгені құрайды.
Кәсіпорындарда берешектерді өтеу бойынша заңнама аясында қарастырылған барлық шаралар қабылдануда.
Жалпы, жағдай уәкілетті органдардың бақылауында.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
2026 жылдың өткен кезеңінде еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру шеңберінде 3 585 адам қамтылған 83 кездесулер және өңірлік БАҚ-та (газеттер, теледидар) неғұрлым сұранысқа ие, әлеуметтік-маңызды мәселелер бойынша түсініктемелер берілген 41 сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.
Департамент басшысы мен басшының орынбасары апта сайын, ал қалған мамандары күн сайын жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүргізеді,оның барысында еңбек заңнамасы бойынша консультациялар беріледі. Ішкі талдауға сәйкес басқармаға күн сайын орта есеппен 10-12 адам өтініш жасайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен жұмыс берушілеріне жұмыс телефондары, Департаменттің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы жүйелі түрде түсіндіру-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, Департаментте консультативтік-медиативтік рәсімдер үшін кабинет бөлінген. Өтініш білдірген азаматтардың жалпы санынан 38 өтініш медиация әдісімен шешілді.