Рухани келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту

Рухани келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту

2026 жылғы 23 қазанда Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай және Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Республика күні қарсаңында діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өткізілді.

Іс-шара аясында қатысушылар Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, өңірдің тарихы мен мәдени мұрасымен танысты.

Одан кейін өткен отырыста рухани келісімді, қоғамдық бірлік пен конфессияаралық татулықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, полиция департаментінің өкілі ғибадат ғимараттарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жанжал жағдайларының алдын алуға, діни қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған регламент ережелерін түсіндірді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлықты қалыптастыру, қоғамда адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне де назар аударылды.

Іс-шара мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Рухани келісім, өзара құрмет және ортақ жауапкершілік бейбіт әрі тұрақты қоғамның негізі.