Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  (санаты А3-2; 1 бірлік, бала күтіміне байланысты демалыс уақытына);

Лауазымдық жалақы: 191 942 –  225 424 т.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылық етеді. Қоғамдағы діни ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру, облыс көлемінде деструктивті діни ағымдардан (секталардан) сақтандыра отырып, азаматтарды діни білімімен ұстанған бағыт - бағдарына теологиялық оң әсер ететін негізді ақпараттар беру, діни ағымдардың негативті ықпалдарын анықтап, олардан азаматтарды сақтандыру, олардан қорғанудың жолдарын көрсетеді

 Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) гуманитарлық ғылымдар (дінтану, исламтану, теология, тарих), педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология), кәсіпкерлік, басқару және құқық (құқық) мамандықтары бойынша білімі және басшы лауазымдарда немесе нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда еңбек өтілі кемінде 2 жыл немесе ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарда тәжірибесі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 413 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664. 

Дата публикации
12 марта 2026