Орындалу сатысындағы бюджет 2026 жылдың ақпан айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 222 797,0 мың теңге, ақпан айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 169 539,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 61 095,0 мың теңге.

Орындалуы 95,7 пайызды құрады. Орындалмауы 2 620,4 мың теңге.

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы. 

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 152 233,0 мың теңге, ақпан айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 60 071,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 19 855,0 мың теңге.

Орындалуы 83,1 пайызды құрады. Орындалмауы 3 347,8 мың теңге.

Дата публикации
12 марта 2026