Облыстық дін істері басқармасының бюджеті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №22-1 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен 2026 жылға 269 «Облыстың дін істері басқармасы» әкімшісі бойынша бюджеті бекітіліп, 375 030,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

 

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 222 797,0 мың теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.

Қаражат штат саны 8 бірлік мемлекеттік қызметші, 2 бірлік техперсонал және 1 бірлік жүргізушісі бар аппаратты ұстауға (кеңсе тауарларын сатып алуға, автокөлік және ұйымдастыру техникасын жөндеу және қызмет көрсетуге, ұйымдастыру техникасы үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға, ел ішіндегі іссапар шығыстарына, телефон байланысы мен интернет қызметтеріне төлемдер), мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және әлеуметтік зерттеулер жүргізуге бағытталады.

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы бойынша 152 233,0 мың теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Қаражат, штат саны 23 бірліктен (21 бірлік азаматтық қызметші, 1 бірлік техперсонал және 1 бірлік жүргізуші) тұратын "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-сін ұстауға және облыс тұрғындары арасында экстремизм мен діни терроризмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру бойынша қызмет көрсетуге бағытталды.

 

Дата публикации
27 февраля 2026