Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің дінтанушы маманы (В2,4; 1 бірлік) 159 627 – 181 819 т.

Функционалдық міндеттері: Ғаламторда және әлеуметтік желілерде террористік, деструктивтік діни ағымдардың идеологияларын насихаттаушы сайттарда анықтау жұмыстарын жүргізу. «Кибернадзор» жүйесі және «ТИК» бағдарламасы арқылы интернет желісіндегі заңсыз контент анықтау және бұғаттау бойынша жұмыстарды бақылау. Интернет желісіндегі діни экстремизм мен терроризм идеяларын теріске шығаруға бағытталған ақпараттық материалдарды әзірлеу шеңберінде жұмысты жүйелеуге және талдауға мүмкіндік беретін «Контр» жүйесі бойынша жұмыстарды бақылау.

 Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) )  гуманитарлық ғылымдар (дінтану, исламтану, теология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология), құқықтану, журналистика  мамандықтары бойынша білімі және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 413 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664. 

       

Дата публикации
03 октября 2025