Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы маманы (В2,4; 1 бірлік) (бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)
Лауазымдық жалақысы: 304 742 – 347 109 т.
Функционалдық міндеттері: Діни жағдайға зерттеу, талдау және мониторинг жүргізеді. Талдамалық, әлеуметт анушылық зерттеулер мен сауалнамалар бойынша ақпараттар, баяндамалар және есептер дайындайды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселесі бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру шараларына қатысады. Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық–ағарту жұмысын ұйымдастырады.
Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) гуманитарлық ғылымдар (дінтану, исламтану, теология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология) мамандықтары бойынша білімі және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 413 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664.