Орындалу сатысындағы бюджет 2025 жылдың мамыр айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 209 617,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 177 020,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 82 869,0 мың теңге.

Орындалуы 96,9 пайызды құрады. Орындалмауы 2 584,1 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және кеңсе жиһаздармен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 2 978,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және бойынша - 2 978,0 мың теңге, төлемдер бойынша - 2 978,0 мың теңге.

Орындалуы 70 пайызды құрады. Орындалмауы 892,1 мың теңге.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты интерактивті тақтамен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 1 500,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 1 500,0 мың теңге, төлемдер бойынша – 1 500,0 мың теңге. Орындалуы тауар толық жеткізілген соң жүргізілетін болады.

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 150 615,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 78 046,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 62 049,0 мың теңге.

Орындалуы 93,3 пайызды құрады. Орындалмауы 4 135,9 мың теңге.

Дата публикации
23 июня 2025