Орындалу сатысындағы бюджет 2025 жылдың сәуір айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 209 617,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 169 966,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 63 046,0 мың теңге.

Орындалуы 97,6 пайызды құрады. Орындалмауы 1 531,9 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және кеңсе жиһаздармен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 2 978,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша - 2 978,0 мың теңге, төлемдер бойынша мамыр айына жоспарланған.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты интерактивті тақтамен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 1 500,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 1 500,0 мың теңге, төлемдер бойынша мамыр айына жоспарланған.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 150 615,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 62 176,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 41 227,0 мың теңге.

Орындалуы 94,4 пайызды құрады. Орындалмауы 2 304,0 мың теңге.

 

 

Дата публикации
06 мая 2025