9 айға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы анықтама
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына дін саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге 9 өтініш (қызметті беруші кеңсесі арқылы 8 қызмет, www.egov.kz веб-порталы арқылы 1 қызмет) түсті.
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қанағаттандырылды. Олардың ішінде: 3 – Польша, 1 – Филиппин азаматтары.
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында ғибадат үйін - мешіт салуға және оның жерін айқындау туралы және «Орал Епархиясының «Покрова Божией матери» әйелдер монастырі» жергілікті православиялық діни бірлестігі кіші шіркеу (часовня) салу туралы қаулылары шықты.
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру бойынша 2 қызмет көрсетілді. Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылындағы ғимарат ғибадат үйі (часовня) және Ақжайық ауданы, Құрайлысай ауылдық округі, Жұбан Молдағалиев ауылындағы үй (ғимарат) ғибадат үйі (мешіт) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) облыс әкімдігінің қаулысы шықты.