269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 198 263,0 мың теңге болғанда, орындалуы 198 262,6 мың теңгені, яғни 100 пайызды құрады.
269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты комьтерлермен қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 6 390,0 мың теңге, орындалуы 6 353,8 мың теңге, яғни 99,4 пайызды құрады. Орындалмауы 36,2 мың теңге (мемлкеттік сатып алу қорытындысы бойынша пайда болған сома).
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 112 144,0 мың теңге, орындалуы 112 129,8 мың теңге, яғни 100 пайызды құрады. Орындалмауы 14,2 мың теңге (ерекшеліктер бойынша қалдық сома).