2013 жылғы «28» маусымдағы №123
облыс әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Батыс Қазақстан облысының дін істері баскармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-кұқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 201.
9. Басқарманың толық атауы: мемлекеттік тілде - «Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - государственное учреждение «Управление по делам религий Западно- Казахстанской области».
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттыққатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, фунциялары мен құқықтары
14. Басқарманың миссиясы:
діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүргізу.
15. Басқарманың негізгі міндеттері:
1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
3) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етуді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
4) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алу.
16. Басқарманың функциялары:
1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) құқыққорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жүмыстарын жүргізу;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту жөніндегі, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу бағытындағы жұмыстарды үйлестіру;
8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы жұмыстарды үйлестіру;
9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
10) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізу;
11) Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Басқарманың кұқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуге;
3) өз кұзыретіне жататын мәселелер бойынша кұқық корғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;
5) қызметтің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) кұру бойынша ұсыныстар енгізуге;
6) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (бұдан әрі - Басшы) жүзеге асырады.
19. Басқарма басшысын Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
2) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік кұжаттарға қол қояды;
3) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
6) Басқарманың Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
7) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтердің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
8) заңдылықтың, Басқарма қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
10) Басқарма басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басқарманың басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды алады және осы бағыттағы жұмыстарға дербес жауапты болады.
4. Басқарманың мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманың жұмыс режимі
25. Басқарманың жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.
6. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.