Орындалу сатысындағы бюджет 2024 жылдың қараша айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 198 263,0 мың теңге, қараша айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 188 847,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 180 251,0 мың теңге.

Орындалуы 98,1 пайызды құрады. Орындалмауы 3 374,8 мың теңге.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты комьтерлермен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 6 390,0 мың теңге, қараша айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 6 390,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 6 390,0 мың теңге. Орындалуы 79,3 пайызды құрады. Орындалмауы 1 323,3 мың теңге.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 112 144,0 мың теңге, қараша айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 102 097,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 101 998,0 мың теңге.

Орындалуы 97,2 пайызды құрады. Орындалмауы 2 902,6 мың теңге.

Дата публикации
09 декабря 2024