Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің инспекторы (СММ маманы) (С2; 1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы: 260 555 – 286 610 т.
Функционалдық міндеттері: Интернеттегі, әлеуметтік желілердегі және баспасөздегі ақпаратты қадағалау. Дезинформацияны, жағымсыз пікірлерді және қауіпті контентті анықтау. Контент жасау және басқару. Жаңа контент әзірлеу, мәтіндік материалдар дайындау. Видеомонтаж. Бейне өндеу бағдарламаларымен жұмыс істеу. Видеоны уақытында монтаждап беру. Субтитр жазу.
Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, гуманитарлық ғылымдар, тілдер, кәсіпкерлік, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 413 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mail.ru; телефон: 87474952664.