269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 198 263,0 мың теңге, шілде айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 172 427,0 мың теңге, төлемдер бойынша – 102 460,0 мың теңге.
Орындалуы 99,0 пайызды құрады. Орындалмауы 1 024,8 мың теңге.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 112 144,0 мың теңге, шілде айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 68 689,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 56 856,0 мың теңге.
Орындалуы 99,8 пайызды құрады. Орындалмауы 129,4 мың теңге.