Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Заңгер (санаты С2; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы: 260 555 – 292 965 т.

           Функционалдық міндеттері: құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады. Сотта мекеме мүддесін білдіреді. Конкурс арқылы (сатып алу рәсімдерінің басқа да түрлерімен) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мекемеге бөлінген кезекті бюджеттік жылына арналған қаражаттарды есепке алып, сатып алу бойынша жылдық жоспарлардың жобасын дайындайды және бекітуге ұсынады.  

Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша кәсіпкерлік, басқару және құқық (құқық) мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 413 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664. 

Дата публикации
11 сентября 2024