269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 198 263,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 167 782,0 мың теңге, төлемдер бойынша – 85 174,0 мың теңге.
Орындалуы 99,9 пайызды құрады. Орындалмауы 57,7 мың теңге.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 118 534,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 59 001,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 45 764,0 мың теңге.
Орындалуы 100 пайызды құрады. Орындалмауы 8,2 мың теңге.