Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің дінтанушы маманы (В2,4; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы: 209 039 т – 238 100 т

Функционалдық міндеттері: Конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған әдістемелік және тәжірибелік шараларды өткізеді. Әлеуметтанушылық зерттеулер мен сауалнамалар бойынша ақпараттар, баяндамалар және есептер дайындайды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселесі бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру шараларына қатысады. Есептер, баяндамалар мен талдамалы, әлеуметтік зерттеулер мен сұраулар бойынша және ақпараттық кеңістігінде жарияланатын,  баспаға жіберілетін кітап, брошюраларға ұсынылатын  ақпараттардың  дайындалуын, әдістемелік ұсыныстар жасауды қамтамасыз етеді.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) )  гуманитарлық ғылымдар (дінтану, исламтану, теология, тарих), педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология), кәсіпкерлік, басқару және құқық (құқық) мамандықтары бойынша білімі және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің инспекторы (СММ маманы) (С2; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы: 209 039 – 240 140 т.

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық байланыс жөніндегі агенттіктермен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, мемлекеттік және қоғамдық құралдармен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастыру. Баспасөз мәслихатын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мекеме басшыларының сұхбаттарын ұйымдастыру. Басшы қатысуымен пресс-конференциялар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер жүргізу және ұйымдастыру. Әлеуметтік желідегі жұмыстарды жүргізу.

Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім, өнер және  гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, тілдер, кәсіпкерлік, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. 

Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің инспекторы (Видеограф) (С2; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақысы: 209 039 – 240 140 т.

Функционалдық міндеттері: Орталықтың арнайы интернет ресурстарының жұмысын жүргізеді, ақпараттық бағдарламамен қамтамасыз етеді, бейне-фото монтаждау. Әлеуметтік желілері үшін дизайн тұжырымдамаларын, логотиптерді, жарнамалық материалдарды, визуалды мазмұнды әзірлейді. Модульдердің дизайн-макетін салу.

Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім, өнер және  гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, тілдер, кәсіпкерлік, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215 Б (Орал механикалық зауыты), 407 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mail.ru; телефон: 87474952664. 

       

Дата публикации
22 февраля 2024