Орындалу сатысындағы бюджет 2023 жылдың тамыз айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 189 659,0 мың теңге, тамыз айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 174 548,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 130 282,0 мың теңге.

Орындалуы 95,1% пайызды құрады. Орындалмауы 6 375,0 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 5 251,0 мың теңге, міндеттемелер және төлемдер бойынша тамыз айына жоспарланған.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 7 784,0 мың теңге, міндеттемелер бойынша тамыз айына 1 770,0 мың теңге жоспарланған.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 68 894,0 мың теңге, тамыз айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 51 356,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 46 013,0 мың теңге.

Орындалуы 98,6 пайызды құрады. Орындалмауы 637,1 мың теңге.

Дата публикации
04 сентября 2023