Орындалу сатысындағы бюджет 2023 жылдың маусым айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 194 984,0 мың теңге, маусым айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 171 742,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 93 298,0 мың теңге.

Орындалуы 100% пайызды құрады. Орындалмауы 5,8 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 5 251,0 мың теңге, міндеттемелер және төлемдер бойынша шілде айына жоспарланған.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 1 770,0 мың теңге, міндеттемелер және төлемдер бойынша шілде айына жоспарланған.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 67 194,0 мың теңге, маусым айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 38 360,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 28 889,0 мың теңге.

Орындалуы 99,6 пайызды құрады. Орындалмауы 105,3 мың теңге.

 

Барлығы 269 «Облыстың дін істері басқармасы» ББӘ-нің ІІ тоқсан бойынша орындалуы 99,9% құрады (жалпы жылдық жоспар 269 199,0 мың тенге, маусым айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша 210 102,0 мың тенге, төлемдер бойынша 122 187,0 мың тенге, орындалуы 122 075,9 мың тенге, орындалмауы 111,1 мың тенге).

Дата публикации
01 июля 2023