269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 194 984,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 167 144,0 мың теңге, төлемдер бойынша – 90 611,0 мың теңге.
Орындалуы 85,5 пайызды құрады. Орындалмауы 13 097,8 мың теңге.
269.003 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 5 251,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша – 0 теңге.
269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 1 770,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша – 0 теңге.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 67 194,0 мың теңге, мамыр айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 38 387,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 26 110,0 мың теңге.
Орындалуы 96,3 пайызды құрады. Орындалмауы 975,2 мың теңге.