Орындалу сатысындағы бюджет 2023 жылдың сәуір айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 194 984,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 156 680,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 69 272,0 мың теңге.

Орындалуы 91,9 пайызды құрады. Орындалмауы 5 602,6 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 5 251,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша  – 0 теңге.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 1 770,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша  – 0 теңге.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 67 790,0 мың теңге, сәуір айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 33 550,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 17 898,0 мың теңге.

Орындалуы 94,4 пайызды құрады. Орындалмауы 1 008,7 мың теңге.

Дата публикации
04 мая 2023