2021 жылға бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебі.
2021 жылы «269 Облыстың дін істері басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жергілікті бюджеттен барлығы 149 813,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 98 527,0 мың.теңге.
Бөлінген қаражат 10 мемлекеттік қызметкер, 2 техникалық персонал және жүргізушіге еңбекақы төлеуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, оргтехника мен авто көлікті жөндеу мен қызмет көрсету, ел ішіндегі іссапарлар, байланыс қызметі, құқық мәліметтер базасы, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілікті арттыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызметтерді жүзеге асыруға пайдаланылды.
«Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы насихаттау, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында іс-шаралар өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша түрлі іс-шаралар, соның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту және оларға кеңес беру жұмыстары, түсіндіру жұмыстары, дерадикализация, оларды қоғамға бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілді, деректі және қысқаметражды фильмдер, бейнероликтер түсірілді, семинарлар, тренингтер өткізілді және т.б.
Жоғарыда аталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қарастырылған қаражат 46 800,0 мың теңгені құрады, барлық шаралар өткізілді, орындалуы 100% құрады.
Сонымен қатар, мемлекеттік социологиялық зерттеулерге бөлінген қаражат жоспар бойынша 4 830,0 мың теңгені құрады, алайда конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің түспеуі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтпеді деп саналуына байланысты 2 415,0 мың теңгесі бюджетке қайтарылып, 2415,0 мың теңге ағымдағы шығыстарға бөлінді.
005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» бағдарламасы бойынша 51 286,0 тыс.тенге.
Қаражат орталықтың 21 азаматтық қызметшілеріне, 1 техникалық қызметкер мен 1 жүргізушіге еңбекақы төлеуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, оргтехника мен авто көлікті жөндеу мен қызмет көрсету, ел ішіндегі іссапарлар, байланыс қызметі, құқық мәліметтер базасына, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын өткізуге пайдаланылды.
Экстремизм мен діни терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: облыс оқушылары арасында конкурс, ТҚК мүшелері үшін семинар өткізу, АТТ мүшелері үшін семинар өткізу, үлестірме материалдар дайындау, облыстық БАҚ өкілдері үшін оқыту семинары, облыстық әйелдер жамагаты үшін оқыту семинарын өткізу, діни бірлестіктер арасында спорттық іс-шаралар өткізу, АТТ мүшелерін марапаттау, халықаралық форум, бейнероликтер мен аудио-роликтер дайындау қызметі (орналастыру). Осы шараларға қарастырылған қаражат 10 500,0 мың теңгені құрады.
Аталған шараларға өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша үнемделген жалпы 3 190,8 мың теңгенің 1 440,0 мың теңгесі бюджетке қайтарылып, 1 750,8 мың теңге ағымдағы шығыстарға бөлінді.
2022 жылдың 1 қаңтар жағдайына дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ