Орындалу сатысындағы бюджет 2021 қазан айы
269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы – 107 539,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету
Орындалуы 92,1 пайызды құрады. Орындалмауы 6 354,0 мың теңге құрады.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы – 51 286,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
Орындалуы 98,6 пайызды құрады. Орындалмауы 504,0 мың теңге құрады.