2022 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

 

2022 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

(мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

«Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы насихаттау, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында іс-шаралар өткізу»

49 140 000 тг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы

15 наурыздағы

№ 124 қаулысымен бекітілген

«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

БҚО тұрғындары, соның ішінде жастар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, интернатта, жатақханада тұратын жастар, жазғы демалыс лагерлерінде демалушы жастар, NEET санатындағы жастар, мектеп оқушылары, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленуші діндар жастар, өзін-өзі қамтушылар (самозанятые), сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, қоғамдық-көлік ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлері, таксистер, «Жусан» операциясы аясында өңірге оралған азаматшалар, терроризм және экстремизм баптары бойынша жазасын өтеуші және сотталып, жазасын өтеп шыққан азаматтар мен олардың отбасы мүшелері және діндар жамағат.

Діни негізде радикалдық идеологияға ұшырауға бейім адамдар және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажет етпейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

БҚО аумағында діни негізде радикалдық идеологияға ұшыраған адамдар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін,  Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыруға бағытталған оңалту бағытында, түсіндіру және діни радикализмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет, әлеуметтік желілер арқылы радикалды идеологияға деген иммунитетті, діни қатынасатар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ағартушылық және қарсы-насихат  жұмыстарын жүргізу.

 

Дата публикации
29 ноября 2021