Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері

бойынша ақпарат

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына 2021 жылы діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге 19 өтініш түсті. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және www.egov.kz веб-порталы іске асты. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ.

Есепті кезеңде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қанағаттандырылды.  «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Миссионерлік куәліктерді келесі елдердің азаматтары алды: Литва – 1,  Польша – 4, Словак - 1, Оңтүстік Корея - 1, Қазақстан -1.

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау бойынша 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Сырым ауданы, Шағырлой ауылында, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында, Ақжайық ауданының Қарауылтөбе, Бударин және Жанама ауылында, Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ және Ащысай ауылында, Орал қаласы, Зашаған және Круглоозерный кенттерінде ғибадат үйін - мешіт салуға және оның жерін айқындау туралы және Орал қаласы Ысқырық тау (Свистун-гора) аумағында орналасқан № 3 қалалық зиратта ғибадат үйін – православиелік кіші шіркеу (часовня) салу туралы облыс әкімдігінің қаулылары шықты.

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру бойынша    1 қызмет көрсетілді.  «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі, Ұзынкөл ауылындағы үй (ғимарат) ғибадат үйі (мешіт) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) облыс әкімдігінің қаулысы шықты.

№

Көрсетілетін қызметтер атауы

2021 жылға көрсетілген қызметтер саны

1

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу

8

2

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру

10

3

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

1

4

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

-

5

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру

-

Барлығы:

19

 

Дата публикации
31 декабря 2021