Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының 2021 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының

2021 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтері

бойынша ақпарат

 

2021 жылғы ІV тоқсанда Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасымен діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге 1 өтініш түсті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кеңсе арқылы қағаз түрінде – 1 өтініш түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ.

Атап айтсақ, есепті кезеңде «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» бойынша 1 қызмет көрсетілді. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында ғибадат үйін - мешіт салуға және оның жерін айқындау туралы облыс әкімдігінің қаулысы шықты.

№

Көрсетілетін қызметтер атауы

2021 жылдың ІV тоқсаны бойынша көрсетілген қызметтің саны

1

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу

-

2

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру

1

3

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

-

4

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

-

5

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру

-

Барлығы:

1

 



Дата публикации
31 декабря 2021