Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының
2021 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтері
бойынша ақпарат
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына 2021 жылдың І тоқсанында діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге 4 өтініш түсті.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кеңсе арқылы қағаз түрінде – 3, www.elicense.kz веб-порталы арқылы электрондық түрінде – 1 өтініш түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.
Атап айтсақ, есепті кезеңде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қанағаттандырылды. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Миссионерлік куәліктерді келесі елдердің азаматтары алды: Литва – 1, Польша – 1, Словак – 1.
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру бойынша 1 қызмет көрсетілді. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі, Ұзынкөл ауылындағы үйді (ғимарат) ғибадат үйі (мешіт) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) облыс әкімдігінің қаулысы шықты.
|
№ |
Көрсетілетін қызметтер атауы |
2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген қызметтің саны |
|
1 |
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу |
3 |
|
2 |
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру |
- |
|
3 |
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру |
1 |
|
4 |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру |
- |
|
5 |
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру |
- |
|
Барлығы: |
4 |
|