Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының 2020 жылдың
І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына 2020 жылдың І тоқсанында діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге 4 өтініш түсті. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және www.egov.kz веб-порталы іске асты. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ.
Есепті кезеңде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қанағаттандырылды. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Миссионерлік куәліктерді келесі елдердің азаматтары алды: 1 – Литва, 1 – Польша, 1 – Филиппин азаматтары.
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру бойынша 1 қызмет көрсетілді. "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылындағы үй (ғимарат) ғибадат үйі (мешіт) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) облыс әкімдігінің қаулысы шықты.
|
№ |
Көрсетілетін қызметтің атауы |
2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген қызметтің саны |
|
1 |
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу |
3 |
|
2 |
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру |
- |
|
3 |
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру |
1 |
|
4 |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру |
- |
|
5 |
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру |
- |
|
Барлығы: |
4 |
|