2020 жылға бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебі

2020 жылға бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебі

 

2020 жылы «269 Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» бюджеттік бағдарлама администраторына жергілікті бюджеттен барлығы  128 505,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде:

001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 82 557,0 мың.теңге.

Бөлінген қаражат 10 мемлекеттік қызметкер, 2 техникалық персонал және жүргізушіге еңбекақы төлеуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, оргтехника мен авто көлікті жөндеу мен қызмет көрсету, ел ішіндегі іссапарлар, байланыс қызметі, құқық мәліметтер базасы, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілікті арттыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызметтерді жүзеге асыруға пайдаланылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қарастырылған қаражат 44 572,0 мың теңгені құрады, барлық шаралар өткізілді, орындалуы 100% құрады.

Сонымен мемлекеттік социологиялық зерттеулерге жоспар бойынша 4600,0 құрады, алайда конкурстың өткізілмеуіне байланысты бюджетке қайтарылды.

005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» бағдарламасы бойынша 45 948,0 тыс.тенге.

Қаражат 21 азаматтық қызметшілерді, 1 техникалық қызметкер мен 1 жүргізушіге еңбекақы төлеуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, оргтехника мен авто көлікті жөндеу мен қызмет көрсету, ел ішіндегі іссапарлар,байланыс қызметі, құқық мәліметтер базасын экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын өткізуге пайдаланылды.

718 кісіні қамтитын 2 шара өткізілді, буклеттер үлестіріліп,флайерлар таратылды.

Аталған шараларға 2000,0 мың теңге қарастырылды.

Дата публикации
31 декабря 2020