«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасының Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылуы туралы

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында есепті кезеңде денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң нәтижесіне қол жеткіздік. Атап айтсақ:
Ағымдағы жылдың 6 айында ауылдық жерлердегі жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 7,6-дан 7,0-ге дейін 8%-ға төмендеді, облыстық көрсеткіш-7,6.
Нәресте өлімі көрсеткіші 11,1-ден 11,0-ға дейін 1%-ға төмендеді, облыс бойынша көрсеткіш-8,4. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 164,4-тен 151,2-ге дейін 7,9%-ға төмендеді, облыс бойынша көрсеткіш-181,6.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім (100 мың тұрғынға шаққанда) 79,9-дан 77,14-ке дейін 3,4%-ға төмендеді, облыс бойынша көрсеткіш – 80,0.
Тыныс алу ағзалары ауруларынан болған өлім-жітім (100 мың тұрғынға шаққанда) 102,0-ден 94,6-ға дейін 7,2%-ға төмендеді, облыс бойынша көрсеткіш – 95,1.
Жарақаттанулардан болатын өлім-жітім (100 мың тұрғынға шаққанда) 61,2-ден 60,8-ге дейін 0,5%-ға төмендеді, облыс бойынша көрсеткіш-63,2.
Туберкулезден өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Облыс бойынша 416 ауылдық елді мекенде 313 846 адам тұрады.
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша елді мекендерде 2025 жылға дейін 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы - 24 объект (7 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт), 2024 жылы - 26 объект (5 дәрігерлік амбулаториялар, 10 фельдшерлік-акушерлік пункттер, 11 медициналық пункттер).
Бүгінгі таңда 50 нысанға арналған жер учаскелері ресімделді. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды
БҚО Құрылыс басқармасы 2023 жылға жоспарланған 24 медициналық нысанның 14 объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірледі (6 АА, 8 ФАП). Аталған нысандар бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды, 12 медициналық нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 3,6 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы кезеңде барлық 12 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Бұдан басқа, "TurarHealthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КЕАҚ) "TurarHealthcare" КЕАҚ 3 эталондық жоба әзірледі. Бүгінгі таңда сараптаманың оң қорытындысы алынды. Атап айтсақ:
- Ақжайық ауданы Базартөбе ауылы - дәрігерлік амбулатория;
- Бөрлі ауданы, Қарағанды ауылы - фельдшерлік-акушерлік пункт;
- Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы - медициналық пункт.
Қалған 7 медициналық нысан үшін жобалық-сметалық құжаттар байланыстыруға облыстық бюджеттен 36 902,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында 2 ауданаралық аурухананың ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. 01.07.2023 ж. Казталов аудандық ауруханасы мен Бөрлі аудандық ауруханасы бойынша ЖСҚ дайындайтын ұйым анықталды.
2023-2025 жж. Бөрлі (154 кереует орынға есептелген) және Казталов (100 орынға есептелген) аудандық ауруханасы жанынан инсульт орталығы, тері арқылы араласу орталығы (ЧКВ-чрескожные коронарные вмешательства), травматология бөлімін ашу жоспарланып отыр.
Бұл жағдайда Бөрлі ауданаралық ауруханасы 93425 (яғни, Бөрлі АА – 52 431, Шыңғырлау АА – 12 338, Сырым АА – 16 300, Қаратөбе АА – 12 356.) және Казталов ауданаралық ауруханасы 56 586 адамға (яғни, Жәнібек АА -13 556, Бөкей ордасы АА – 14 612, Казталов АА-14 233, Казталов №2 АА -14 195) адамға қызмет көрсететін болады.
Бөрлі аудандық ауруханасы 1988 жылы салынған, күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілді, 115 кереует орынға есептелген.
Анықтама үшін: (терапевтік-25 кереует, педиатриялық-12 кереует, перзентхана бөлімшесі 2 деңгей 10 кереует, құрамында жаңа туған нәрестелердің патологиясы-1 кереует, гинекология және жүкті әйелдердің патологиясы -15 кереует, хирургиялық-15 кереует, оңалту-10 кереует, нейрохирургиялық-2 кереует, инфекциялық-10 кереует, паллиативтік-2 кереует).
73 дәрігер жұмыс істейді (10 тұрғынға шаққанда 13,0), орта медицина қызметкерлері 254 (10 мың тұрғынға шаққанда 45,1). Жыл сайын 3500 науқас стационарлық ем алады. 2022 ж. 1559 адамға қызмет көрсетілді.
Аудандық ауруханада хирургиялық, травматологиялық, лапароскопиялық операциялар жасалады, КТ, УДЗ аппараттарында, сараптамалық сыныптағы аппараттарда диагностикалық тексерулер жүргізіледі.
Бөрлі аудандық ауруханасында 10 төсектік ІІ деңгейдегі инсульт бөлімшесі ашылған болатын, ауданаралық ауруханаға айналдыру үшін қосымша 29 кереует орынға ұлғайту қажет болады (10 төсектік ІІ деңгейдегі травматологиялық бөлімше, 2024 жылға арналған 5 төсектік тері орталығы бар кардиологиялық бөлімше, 5 төсектік перзентхана бөлімшесін, 3 төсектік реанимация және қарқынды терапияны кеңейту, триажы бар қабылдау бөлімшесі) орналастыру жоспарлануда- 6 төсектік жүйе).
Сондай-ақ, 29 маман қажет, біздің тарапымыздан ҚР ДСМ-ге өтінім жолданатын болады. Қажетті мамандарды тарту үшін Облыстық мәслихатқа 5 млн. теңге дейін тұрғын үй және әлеуметтік пакет бөлуді қарастыру жөнінде ұсыныс жолданатын болады.
Анықтама: невропатолог – 2, нейрохирург-1, анестезиолог – реаниматолог-2, травматолог-2, терапевт-4, балалар хирургы-1, балалар анестезиологы-1, офтальмолог-1, реабилитолог-1, акушер-гинеколог-2, кардиолог-1, неонатолог-1, логопед-2, дефектолог-2, әлеуметтік педагог-1, Жаттығу терапиясының нұсқаушысы-2 (ЛФК).
Аудандық ауруханаға КТ аппараты 2020 жылы сатып алынды, қосымша 2 млрд. теңге сомасына медициналық жабдықтың 23 түрін сатып алу талап етіледі.
Бөрлі ауданаралық ауруханасын ашу үшін аурухананың негізгі үй-жайына қосымша-клиникалық-диагностикалық бөлімшеге арналған 2 қабатты ғимарат қажет:
-диагностикалық тексеруді кеңейту үшін (МРТ, ангиограф, ультрадыбыстық, зертхана, рентген);
- перзентхана бөлімшесі үшін.
Казталов аудандық ауруханасының құрылысы 1999 жылы салынған, 2 қабатты, типтік ғимарат, барлық инфрақұрылымдары бар, 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық аурухананың құрылымына ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, 4 АА, 3 ФАП және 12 МП, амбулаториялық деңгейде 71 төсектік күндізгі стационар, 50 төсектік тәулік бойы жұмыс жасайтын стационар кіреді.
Анықтама: терапевтік -17 кереует, балалар үшін-9, хирургиялық-8, инфекциялық-6, гинекология-3, жүкті әйелдердің патологиясы-4, босану-3,
30 дәрігер (10 мыңға тұрғынға шыққанда 20,9 қамтамасыз ету), 123 орта медицина қызметкері (10 мыңға 85,9 қамтамасыз ету) жұмыс жасайды.
2023 – 2025 жылдарға Казталов ауданаралық ауруханасын жаңғырту үшін Казталов ауданының және оған іргелес аудандардың (Жәнібек АА -13556, Бөкей ордасы АА) тұрғындарына қызмет көрсету үшін қосымша 50 кереует орынға ұлғайту қажет (қабылдау бөлімшесі-3, кардиология-10, перзентхана-5, хирургия-15, инсульт орталығы – 5, оңалту -7, травматология – 5) орналастыру жоспарланған – 14612, Казталов АА-14233, №2 Казталов АА -14195), барлығы 56 586 адам.
Казталов ауданаралық ауруханасын жаңғырту үшін 33 дәрігер, 58 орта буын қызметкерлер қажет.
Анықтама: терапевт -2, хирург-3, анестезиолог-реаниматолог -3, невропатолог -3, кардиолог-3, Сәулелік диагностика дәрігері (КТ және МРТ диагностикасын жүргізу бойынша дайындығы бар)-2, логопед-1, дефектолог-1, реабилитолог-2, травматолог -3, неонатолог-3, акушер-гинеколог-3, балалар хирургы-1, тамырлы хирург-1, жаттығу терапиясының нұсқаушысы-2.
Облыстық мәслихат деңгейінде мамандарды тартуға тұрғын үй және 5 млн.теңгеге дейін әлеуметтік пакет бөлу қарастырылды.
Сондай-ақ, 7 бөлімше үшін 661 млн. 283 мың теңгеге медициналық жабдық сатып алу талап етіледі.
Диагностикалық блок орналастырылған (МРТ/КТ, ангиограф) Казталов ауданаралық ауруханасын ашу үшін ғимаратты реконструкциялау үшін 5 млрд. теңге қаражат қажет.
Сонымен қатар, инсульттік орталық, травматологиялық және кардиологиялық бөлімшелерді ашу үшін аурухана ғимаратын 413 ш.м. бір қабатты (1) диагностикалық бөлім ретінде реконструкциялау керек. Жалпы екі (2) қабат үшін 826 шаршы метр (екінші қабат стационар) талап етіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 30.10.2020 ж. №174/2020 "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" бұйрығы негізінде 2022 жылғы 1 қарашадан бастап ауыл тұрғындарына қосымша скринингтік тексерулер жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 27240 ауыл тұрғындары қаралып, ауру белгілері бар 433 адам анықталды.
Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыстық көпбейінді аурухана базасында телемедицина жұмыс жасайды, қазіргі таңда 1778 консультация өткізілді, оның 74-і республикалық орталықтармен және 1704-і аудандық медициналық ұйымдар үшін. Облыстың 9 ауданы телемедицинаға қосылған. Алдағы уақытта облыстың қалған аудандарын қосу жоспарлануда.