Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маманы

Мемлекеттік орган

Бөрлі ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

Функционалды міндеттер

Аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіреді. Ауданның жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Аудан, қала әкімі аппараттарында, ауылдық округтер мен бөлімдерде ақпараттық қауіпсіздікті енгізу жағдайын зерттейді. Аудан әкімінің қатысуымен ақпараттандыру бағыты бойынша өтетін аудан әкімдігінің жұмысына, аудандық мәслихат сессияларына, кеңестерге қатысады. Ақпараттық технологиялар сұрақтары бойынша жүргізілетін кеңестердін және басқа да іс-шаралардың хаттамаларын дайындайды, бақылауға алып, тапсырмалардың орындалғаны жөнінде ақпарат дайындайды. Ақпараттандыру мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға, аудан басшылығына есеп береді. Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына және МО ИРБП-на материалдарды уақытылы орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді, аудан әкімдігінің және құрылымдық бөлімшелердің интернет-ресурстарын сүйемелдеу жұмысын үйлестіреді. Бұлтты құжат айналымының жұмысын, аудан әкімі аппаратының МОИП-ң жұмысын қамтамасыз етеді. Селекторлық режимде облыс әкімі, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестерге уақтылы қосылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттандыру барысы туралы, ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар, жазбалар, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жалпы ақпаратты дайындайды. Аудан әкімінің аппаратында ақпараттық технологияларды енгізеді. Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне аттестаттаудан өткізу мақсатында іс-шаралар өткізу үшін құжаттарды дайындайды. Ашық деректер порталында ашық деректерді орналастыру жұмыстарын жүргізеді. Қауіпті кодтардан, вирустардан қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Жергілікті атқарушы органдарда сервистерді толық қолдану бойынша мемлекеттік органдардың Интранет портал ақпараттық жүйесін, аудан әкімінің аппаратында жүйені басқаруды үйлестіреді. Ғимаратты, серверлік бөлмені қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізеді. Резервтік көшіру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. «Е-Өтініш» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерінде жұмыс жүргізеді. Бөлімнің құжаттарын мұрағатқа тапсырады. Аудан әкімі аппараты, жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтығы, дұрыстығы және өзектілігі бойынша мониторинг жүргізеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де өтініштерді қарайды. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді орындайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеуші техника және ақпараттық қамсыздандыру, радиотехника, электроника және телекоммуникация), білім: информатика, математика, жаратылыстану ғылымдары: информатика, математика, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2022 – 06.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71133) 40-0-46