Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы
Бөрлі ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау; Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылған қаулылар, шешімдер, өкімдер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Ведомстваға қарасты органдардың сұратуы бойынша құқықтық мәселелер жөнінде түсініктеме береді, қолданыстағы заңдар және оларды қолдану практикасы бойынша оларға ақпараттық материалдар жібереді. Әкімдік пен әкімнің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысады. Осы аталған жобаларға бөлім басшысы болмаған кезде белгі соғады, нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет органдарына тіркеуге жібереді. «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларымен жасайтын құқық қорғау сипатындағы келісімшарттарды дайындауға қатысады, оларға белгі соғады. Заң қызметінің жұмыс тәжірибесін алмасуды, белгіленген тәртіппен құқықтық оқыту бойынша кеңестер және семинарлар өткізуді ұйымдастырады. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастырады. Әскери міндеттелген азаматтарды тіркеу жұмыстарын бақылуды ұстайды. Нормативтік-құқықтық актілерге мониторин жасайды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу және есепке қою жұмысын жүргізеді. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді атқарады.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй
-
8(711233)20509