Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Бөрлі ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
90963 - 122463
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі
Функционалды міндеттер
Ауылдық округ әкімі аппаратындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының, мемлекет басшысының, Үкімет, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын және аудан әкімдігінің, аудан әкімі орынбасарларының өткізген кеңес отырыстарында туындаған тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарын құру және орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру. Нотариалдық іс-әрекеттерді ресімдеу (сенімхат, көшірмелер, қол қою, өсиетнама). Азаматтык хал актілерді тіркеу қызметін ұйымдастыру және бақылау. Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ұсынуға құжаттарды ресімдеп аудан әкімі аппаратына жолдау. АИС бағдарламасы бойынша сайлаушылармен жұмыс жүргізу. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу. Әскерге шақырылушылардың және әскери міндеттілердің есебін жүргізу және олардың аудандық қорғаныс бөлімінде тіркелулерін, қатысуларын қамтамасыз ету. «1-ТӨ» өтініштер бойынша бағдарламасын жүргізу. ҚБПҮ деген белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау Елбасының жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру және әдістемелік құжаттар дайындау, іске асыру барысы туралы ақпараттарды дайындау жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсына уақытылы қатысуын бақылау. Әкімге қол қоюға ұсынылған шешімдер, өкімдер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сай әзірлеу. Округ бойынша мониторинг жасау. Нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет органына тіркеуге жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ауылдық округі әкімінің халық алдындағы есебін және округ тұрғындарымен өткізілетін жиындарын ұйымдастыру, хаттамасын ресімдеу, жиындарда қабылданған шешімдерді орындаушыға жеткізу, орындалуын бақылау. Шаруашылық кітаптардың және электронды шаруашылық базасының жүргізілуін бақылау. Округ әкімі аппаратының құжаттарының сақталуына жауапты. Мұрағаттың жұмысын жүргізу, құжаттарды даярлау және аудандық мұрағатқа тапсыру. Жеке келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің құжаттарын ресімдеу. Жоғары тұрған мекемелерге уақтылы айлық, тоқсандық және жылдық есеп тапсыру. Мемлекет тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде жұмыс жүргізеді. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй
-
8(711233)20509