Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы
Бөрлі ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Математика
- Информатика
- Биология
- Құқық және экономика негіздері
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Жерге орналастыру
- Кадастр
- Математика-Информатика
Функционалды міндеттер
Облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларының, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының кеңестерінің хаттамаларын жүргізеді. Анықтамалар, жауап хаттар әзірлейді, олардың орындалуын бақылап, қорытындысын басшылыққа хабарлайды. Бөлім басшысына бөлімге келіп түскен хаттарды талдап, басқа да ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды. Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдеріне ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуін ұйымдастырады. Өкілеттігі шегінде кәсіпкерлік, аграрлық саясатты іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді реформалау және дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс және тұқым шаруашылығы саласындағы бағаларды тұрақтандыру, жер қатынастары мәселелері, экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы және бюджетті орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының қызметін үйлестіреді. Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы, кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімдерінің жұмыс жоспарларын жинақтап уақытылы орындалуын қадағалайды. Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін жиындардың, отырыстардың және кеңестердің материалдарын дайындау және өтуін ұйымдастыру. Кәсіпкерлік, аграрлық саясатты іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді реформалау және дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс және тұқым шаруашылығы саласындағы бағаларды тұрақтандыру, жер қатынастары мәселелері бойынша бақылау құжаттарының орындалуын бақылайды. Анықтамаларға, хаттарға жауаптар дайындайды, хаттарды талдайды. Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен арыз-шағымдарын қарайды. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау. Бөлімге келіп түскен хаттарды талдап, басқа да ақпараттық-талдау материалдарды дайындайды. Қала және ауылдық округ әкімдіктеріне ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуін ұйымдастырады. Бақылаудағы құжаттарға уақытылы жауап берілуін бақылайды. Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының жұмыс барысындағы іссапарлар бағдарламасын дайындайды. Облыс әкімі аппаратына күнделікті, апталық, айлық жедел мәліметтерді жолдайды және оларды бақылайды. Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуы бойынша жұмыс барысын ұйымдастырады. Бөлімнің құжаттарын мұрағатқа тапсырады. «Е-Өтініштер» АЖ-де өтініштегі «мәселенің сипатын» және «өтініштер бойынша қабылданған шешім» деректемелерін толтыру сапасына жауапты. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
burlin-akimat@bko.gov.kz
- 25.02.2026
- Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй
-
8 (71133) 40-0-46