Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Бөрлі ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Ауылдық округ әкімі аппаратындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларын, өзге де республикалық, облыстық және аудандық нормативтік актілерді, аудан әкімдігінің қаулысын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. «Парус-Каз.Бюджет» бағдарламалық өнімінде және «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау. Жоғары тұрған мекемелермен және жеке тұлғалармен келісімшарт жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік жұмыс жоспарын жасау. Бухгалтерлік есептілікті, мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің есептерін, статистикалық, салық есептілігін белгіленген мерзімдерде тапсыру. Жалақыны есептеу және төлеуді жүзеге асырады. Штаттық кесте және шығындар сметасын құрастыру. Бюджет қаражатын мақсатты пайдалану және игеру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және арнайы веб-порталға орналастыру. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Мүлікті түгендеу жұмыстарын жүргізу. 4-деңгейлі бюджет жобасына және ашық бюджет қаржылық жоспарына өзгерістер енгізу, қаражаттың игерілуін қадағалайды. «Госреестр» электрондық портал бойынша жекешелендіру және жалға беру туралы келісімшарттарын жасайды. «Е-Минфин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бухгалтерлік есепті орналастырады, аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады. Ауылдық округтің жеке тұлғаларынан қозғалмайтын және жылжымалы мүлкінің салығын жинауды қамтамасыз етеді. Құжаттардың және ауылдық округ әкімі аппаратының мөрі мен мөртаңбасының сақталуына жауапты. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізеді. Кішігірім цехтар туралы мәліметтерді ай сайын тапсыру. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану. Округтегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметін дамытуға жәрдемдесу. ЭҚАБЖ, МОИП, «Бұлтты құжат айналымы» және «Е-Өтініш» электрондық ақпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізеді. «Е-Өтініштер» АЖ-де өтініштегі «мәселенің сипатын» және «өтініштер бойынша қабылданған шешім» деректемелерін толтыру сапасына жауапты. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық – комммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды. Қажеттілік шегінде жалпы алғанда басқа да ұқсас міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
burlin-akimat@bko.gov.kz
- 02.05.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй
-
8 (71133) 40-0-46