Құрметті қала тұрғындары!

Биыл «Қала күні-2023» мерекесі аясында бірқатар байқаулар ұйымдастырылады.
Оның бірі - «Таза қала» байқауы. Байқауда «Үздік бизнес нысаны», «Үздік аула», «Үздік
тұрғын үй басқару нысаны» (ПИК, МИБ, ЖС) аталымдары бойынша үздіктер анықталады. Әр аталым бойынша бас жүлде - бағалы сыйлықтар, ал ең «Үздік аула»номинациясына абаттандыру сертификаты, қала әкімдігімен 2024 жылы абаттандыру саласы бойынша жұмыстар сол көпқабатты үйлердің ауласында жасалатын болады.
Сонымен қатар “Менің сүйікті Ақсайым» тақырыбында «Үздік фотосурет және
бейнеролик» байқауы оздырылады. Қаламыздың сұлу келбетін әдемі кадрлар арқылы таспалай білетін жандарды байкауға белсенді катысуға шақырамыз.
Байқау шарттары Ақсай қаласы әкімдігінің осы парақшасында
жарияланады. Байкауға қатысты барлық сұрақтарды 41989 телефон нөмірі арқылы білуге болады.