Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 31 шілде аяқталады

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 31 шілде аяқталады

Құрметті ата-аналар мен портал қолданушылары!
Орта білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылы 31 шілдеде аяқталатынын еске саламыз.
• Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін Сіздерге
eGov.kz порталы арқылы немесе мектепке 2023
жылдың 31 шілдеге дейін құжаттарды тапсыру
қажет.
Барлық сұрақтар бойынша ҚР Оқу-ағарту
министрлігі Орта білім комитетінің байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172)742048,
8 (7172)742032.