Ауданымызда республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті

Жарияланған күні: 04 ақпан 2026

Шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа сапалы әрі қолжетімді тегін заң көмегін көрсету.

Акция аясында аудан тұрғындары еліміздің заң саласындағы тәжірибелі әрі білікті мамандарынан жеке мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, қабылдауға аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.