Бөрлі ауданы білім беру бөліміне қарасты Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі ашылып, білім алушыларды қабылдады.

Жарияланған күні: 29 желтоқсан 2025

Мектеп Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысы негізінде іске асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынды.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, аудандық мәслихат депутаттары, мердігер компаниялардың басшылары, сондай-ақ Бөрлі ауданы білім басқармасының басшысы, мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Мердігер ұйым — «Альтаир-СК7» ЖШС.
Білім ордасының жобалық қуаты — 300 орын. Мектепте мектепалды даярлық («0») және 5–11 сыныптар бойынша білім беру қызметі көрсетіледі. Қызметкерлердің жалпы саны — 21,6 бірлік, оның ішінде 45 педагог бар.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің тиімді жұмыс істеуіне және қауіпсіз, жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.