КЕҢТҮБЕК АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек ауылында ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан — заманауи спорт залы өз жұмысын бастады. Жаңа ғимарат бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.
Құрылыс жұмыстарын «БатысМунайСтрой» ЖШС атқарды. Нысанның құрылыс көлемі 7 523,3 м³ құрайды. Тапсырыс беруші — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.».
Аталған жоба өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.