Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар атқарылып жатыр.

Жарияланған күні: 08 сәуір 2024

Жұмыстар жергілікті атқарушы органдар, депутаттар, мердігерлер, полиция, өрт сөндіру қызметкерлері және ауыл тұрғындарының көмегімен жасалуда.

Жалпы Бөрлі ауылы іргесін Жайық, Шыңғырлау, Бурла өзендерінен қорғауға 3 арнайы техника, 1 жүк көлігі, 1 трактор жұмылдырылған, 1500 қапқа құм толтырылып, арық қазу, су бөгеттерін жасау жұмыстарын жүргізуде.