3 сәуірде аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов Пугачев, Пепел ауылының тұрғындарымен кездесті.
Пугачев ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге үйлері су тасқынын зардап шеккен тұрғындар қатысты. Аудан басшысы азаматтарға берілетін бір реттік көмек, суға кеткен үйлерді тіркеу және бағалау жұмыстарын жүргізу реттілігін түсіндірді.
Ауыл тұрғындары өз ұсыныстарын жеткізді, соның ішінде “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен үй алып, қазіргі таңда үйлері суға кеткен жас мамандардың мәселесі де көтерілді.
Қазіргі уақытта Пугачев ауылында 52, Пепел ауылында 8 үйге су кіргені анықталып отыр.