Ауданымыздың білім беру, спорт мекемелерінің қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер «Наз-Тур» ЖШС базасында қапшықтарды құммен толтыру жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы тәулікте 2000 қап дайындалды, су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілгеннен бастап бүгінгі күнге дейін 11 170 қап құммен толтырылып, қауіпті аумақтарға жеткізілді.
Қаптарға құм салу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға жоғарыда аталаған мекемелер тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.