Ағымдағы жылдың 27 наурызында жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

Жарияланған күні: 28 наурыз 2024

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың төрағалығымен жедел штабтың кезек тен тыс отырысы өтті.
Отырысқа аудан прокуроры, полиция бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты.
Бөрлі ауданы әкімінің коммуналдық салаға жетекшілік ететін орынбасары М.Нұрмақов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Көпжасаров су тасқынының қазіргі жағдайы, алынып жатқан шаралар, тұрғындардан келген өтініштермен жұмыстары туралы баядамалар жасады.
Ақсай қаласы мен Ақсу, Пугачев, Кентүбек ауылдық округтерінің әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысып, ауылдық елді-мекендерге Шыңғырлау өзенінен төнетін қауіп жөнінде және су тасқынының алдын алу жұмыстары жөнінде баяндады.
А.ж. 19 наурызынан бастап жедел желі телефондарына азаматтардан
392 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда 366 өтініш қанағаттандырылған.
Еріген қар суларын шығару жұмыстары бойынша тәулігіне – 38 мың текше метр су сору жұмыстары жүргізілген.
124 жеке құрам, 53 арнайы техника, жергілікті артқарушы органдар 20 мотопомпамен су сору және 1120 қапқа құм толтырылып су басу қауіпі бар үйлерге жеткізілген.