ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА
Аймақ басшысы Бөрліге жұмыс сапары кезінде аудан орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Нақтырақ айтқанда қалаішілік жолдарды жаңарту, білім беру нысандарын күрделі жөндеу барысымен танысты. Сонымен бірге, дәрігерлер үшін жатақхана ретінде қайта жаңғыртылып жатқан қараусыз қалған ғимараттың қазіргі жай-күйіне зер салды.