Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жалға беру Тәртібі

Коммуналдық мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жалға беру

Тәртібі

 

            Негіздеме: ҚР Ұлттық экономика министрінің " Мемлекеттік мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" 08.10.2021 жылғы №91 бұйрығы.

            Жалдаушы (Жалға алушы) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне (бұдан әрі-тізілім) енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) 1,2,3,4 санаттары бойынша.

 Мемлекеттік мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті шарттармен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендерлік негізде жүзеге асырылады. Жалдау ақысының бастапқы мөлшері құрылыстың түрін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, жайлылық дәрежесін, орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, оның ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін базалық мөлшерлемелер мен каэффиценттер бойынша айқындалады. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін жалдау ақысын есептеу үшін 0,5 коэфицент қолданылады. Тендер Тізілім веб-порталында сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Тендер өткізу туралы хабарлама ол өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жарияланады.

Тендерге қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала мыналарды көрсете отырып тіркелуі қажет:

      1) дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      3) екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

      4) қатысушының байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен үзінді көшірме.

Бастапқы жалдау ақысының мөлшеріне тең кепілдік жарнаны төлеу қажет. Бұдан әрі, тендерлік шарттармен келісімді және баға ұсынысын қамтитын тендерге қатысуға өтінімді (электрондық конвертте) тіркеу қажет. Тізілімнің Веб-порталы тендердің күні мен уақыты келгенде автоматты түрде өтінімдерді ашуды жүргізеді.

Белгіленген нысан үшін жалдау ақысының жоғары мөлшерін ұсынған қатысушы-Жеңімпаз болады.

 . Жалға берудің ең ұзақ мерзімі-3 жылдан аспайды, шарт талаптары тиісінше орындалған жағдайда шартты 3 жылдан аспайтын мерзімге кейіннен ұзартады. Ұзарту туралы қосымша келісім веб-порталда электрондық форматта жасалады.

 

 

 

 ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы ю375-V ҚРЗ

 79-3-бап. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

 

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері осы бапта санамаланған шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкестігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) бірінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі азаматтардың мынадай санаттарын:

      мүгедектерді;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

      зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

      балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);

      2) екінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі осы баптың 1) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал етеді. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;

      3) үшінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мүгедектердің тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектерге, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы баптың 1) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

      тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

      коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

      аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

      мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес жүзеге асырады;

      4) төртінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

      отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

      балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

      мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

      осы Кодекстің 79-3-бабында аталған халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.

 

Дата публикации
05 апреля 2022
Дата обновления
05 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы