«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының «строительство горизонтальной добывающей скважины 9878 (С3_05)» белгіленіп отырған қызметі туралы 2021 жылғы 11 қазандағы
№ KZ61RYS00168247 өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттама
Жиынтық кесте жасалған күні: 08.11.2021 г.
Жиынтық кесте жасалған орын: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 11.10.2021 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 11.10-05.11.2021 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту мен ұсыныстар |
|
1 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу баскармасы |
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (12.10.2021ж. № №5-3/2034 хаты) |
|
2 |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті |
Өтініш бойынша сұрақтарды қарастыру Департаменттің құзырына жатпайды (15.10.2021ж. №26-10-3-1753 хаты) |
|
3 |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы |
Ұсыныстар мен ескертулер (18.10.2021ж. №18-13-01-03/1693): 1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына сәйкес тиісті облыстардың әкімдіктері белгілеген кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар орналастырылған, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген жағдайда, белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті келісімдер, оның ішінде бассейндік инспекциямен келісу болған кезде іске асырылуға тиіс; 2. Су объектілерінде орнатылған су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалғанды ескере отырып, көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім қабылдау; 3. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде судағы көзделіп отырған қызметті қанағаттандыру үшін тікелей су объектісінен алып қойыла отырып немесе алып қоймай, жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануды бастамашы жүзеге асырсын. |
|
4 |
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы |
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (11.10.2021ж. № 01-04/921 хаты) |
|
5 |
Бөрлі ауданының әкімдігі |
Ұсынылған жоқ |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Ұсыныстар мен ескертулер (20.10.2021ж. №22-15-4-12/1049) «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының 2021 жылғы 11 қазанына №KZ61RYS00168247 белгіленіп отырған қызметі туралы ұсынылған өтінішінде 9878 (С3_05) көлденең өндіруші ұңғыманың құрылысы көрсетілген. ҚР «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188-V Заңының 1-бабы 32-1 тармақшасына сәйкес(бұдан әрі-Заң) қауіпті техникалық құрылғылар: -қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар; Заңның 78 - бабы 1- тармағына сәйкесекi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. Жоғарыда айтылғандардың негізінде «9878 (С3_05) көлденең өндіруші ұңғыманың құрылысы» жобасы келісу процедурасынан өтуі тиіс. |
|
7 |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті |
Ұсыныстар мен ескертулер (15.10.2021ж. №24-30-6-13/2952-И) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) айқындалған. Осыған байланысты, белгіленген қызмет туралы өтініштерде тізбедегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге рұқсат беру құжатының қажеттілігін көрсету қажет. |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы |
Ұсыныстар мен ескертулер (22.10.2021ж. №№2-16/630 хаты) Өтініште көрсетілген «көлденең өндіру 9878 (G3_05) ұңғымасын салу» үшін белгіленген алаң қолданыстағы бар Қарашығанақ мұнайгаздыконденсаты кен орны (КМГКК) аумағында орналасқан. Жоғарыда аталған жер учаскесі мемлекеттік орман қорына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жатпайды. Бұдан басқа, өтініште көрсетілген аумақта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» №1034 қаулыға сәйкес Aндржевский қалампыры (гвоздика Андрежевского), Введенский қасқыржемiсi (спаржа), Биберштейн қызғалдағы (тюльпан Биберштейна), Шренк қызғалдағы (тюльпан Шренка), Көктем жанаргүлi (Адонис весенний) Қазақстанның қызыл кітабына енген өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi бар. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» №175 Заңының 32-1-бабына сәйкес . Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсiмдiктер келесі жағдайда: 1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту; 2) ғылыми зерттеулер; 3) селекция үшін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою жүзеге асырылатынын қаперіңізге саламыз. Сондай-ақ, аталған аумақта сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төніп тұрған жануарлардың түрлері жоқ. Алайда, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының, «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптарының» 12 бабына сәйкес, аталған талаптарды ескеруіңіз сұралады. Сонымен қатар, «көлденең өндіру 9878 (G3_05) ұңғымасын салу» үшін белгіленген жер уческесінде өсіп тұрған ағаштардың бар болған жағдайда «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешімінің 10 және 11 тармақтарына сәйкес жасалуы тиіс екенін қаперіңізге саламыз. |
|
9 |
Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы |
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (19.10.2021ж. № №06-2/2042хаты) |