«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының «по замене емкости установки принудительной газовой
флотации (6-562-VV-01) и наклонно-пластинчатого сепаратора (6-562-WV-01) на аналогичные по техническим характеристикам с применением материалов повышенных характеристик» белгіленіп отырған қызметі туралы 2021 жылғы 07 қазандағы № KZ69RYS00167715 өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттама
Жиынтық кесте жасалған күні: 05.11.2021 г.
Жиынтық кесте жасалған орын: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 08.10.2021 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 08.10-04.11.2021 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту мен ұсыныстар |
|
1 |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу баскармасы |
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (12.10.2021ж. № №5-3/2038 хаты) |
|
2 |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті |
Өтініш бойынша сұрақтарды қарастыру Департаменттің құзырына жатпайды (15.10.2021ж. №26-10-3-1753 хаты) |
|
3 |
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы |
Ұсыныстар мен ескертулер (13.10.2021ж. №18-13-01-03/1678): 1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына сәйкес тиісті облыстардың әкімдіктері белгілеген кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар орналастырылған, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген жағдайда, белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті келісімдер, оның ішінде бассейндік инспекциямен келісу болған кезде іске асырылуға тиіс; 2. Су объектілерінде орнатылған су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалғанды ескере отырып, көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім қабылдау; 3. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде судағы көзделіп отырған қызметті қанағаттандыру үшін тікелей су объектісінен алып қойыла отырып немесе алып қоймай, жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануды бастамашы жүзеге асырсын. |
|
4 |
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы |
Ұсынылған жоқ |
|
5 |
Бөрлі ауданының әкімдігі |
Ұсынылған жоқ |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Ұсыныстар мен ескертулер (19.10.2021ж. №22-15-4-12/1045) «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының 2021 жылғы 07 қазанына №KZ69RYS00167715 белгіленіп отырған қызметі туралы ұсынылған өтінішінде мәжбүрлі газ флотациясы қондырғысының (6-562-VV-01) және көлбеу-пластиналы сепаратордың (6-562-WV-01) сыйымдылығын техникалық сипаттамалары бойынша ұқсас жоғары сипаттамалы материалдарды қолдана отырып ауыстыруы көрсетілген. ҚР «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188-V Заңының 1-бабы 32-1 тармақшасына сәйкес(бұдан әрі-Заң) қауіпті техникалық құрылғылар: -қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар; Заңның 78 - бабы 1- тармағына сәйкесекi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. Жоғарыда айтылғандардың негізінде «ҚМГККО, ҚҚӨК-де сепараторларды ауыстыру 6-562-VV-01 және 6-562-VW-01» жобасы келісу процедурасынан өтуі тиіс. |
|
7 |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті |
Ұсыныстар мен ескертулер (11.10.2021ж. №24-30-6-13/2897-И) «КПО-да белгіленген қызметке мәжбүрлі газ флотацині мен көлбеу –пластикалық сеператор қондырғысының сыйымдылығын ауыстыру» қызмет түрін жүргізу барысында «Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ - 49 бұйрығының талаптары сақталсын. |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы |
Ұсыныстар мен ескертулер (12.10.2021ж. №№2-16/609 хаты) Өтініште көрсетілген «ҚӨҚ 6-562-VV-01 және 6-562-VW-01 сепараторларын ауыстыру. БҚО, ҚМГКК» жұмыс жобасына сәйкес құрылысқа белгіленген алаң қолданыстағы бар Қарашығанақ мұнайгаздыконденсаты кен орны (КМГКК) аумағында орналасқан. Жоғарыда аталған жер учаскесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жатпайтынын хабарлайды. Алайда, мемлекеттік орман қорының жері бар-жоқтығы туралы ақпаратты алу үшін Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңыз сұралады. Сондай-ақ, аталған аумақта сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төніп тұрған жануарлардың түрлері жоқ. Алайда, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының, «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптарының» 12 бабына сәйкес, аталған талаптарды ескеруіңіз сұралады. Сонымен қатар, «ҚӨҚ 6-562-VV-01 және 6-562-VW-01 сепараторларын ауыстыру. БҚО, ҚМГКК» жұмыс жобада көрсетілген жер уческесінде өсіп тұрған ағаштардың бар болған жағдайда «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешімінің 10 және 11 тармақтарына сәйкес жасалуы тиіс екенін қаперіңізге саламыз. |
|
9 |
Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы |
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (18.10.2021ж. № №06-2/2033хаты) |