2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Бөрлі ауданында 1 520 өтініш тіркелген. Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына-366, дербес бөлімдеріне-797, ал Ақсай қаласы және ауылдық округтерінің әкімі аппаратарына 357 өтініш түскен. 2020 жылдың салыстыру кезеңінде 2 641 өтініш тіркелген, өтініштердің саны 42,5%-ға азайды. Өткен жылы есепті кезеңіндегі өтініштердің санына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аудан шекараларына санитариялық блок-кедендерді орнату өз септігін тигізді.
Жеке және заңды тұлғалармен көтерілетін өзекті мәселелер: тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы мәселелері -31,25%, жер пайдалану мәселесі -26,5%, құрылыс мәселесі -18,6%.
Аудан бойынша есепті кезеңінде тіркелген 1520 өтініштердің 19 шағым тіркелді. Өткен жылдың салыстыру кезеңінде 10 шағым тіркелді.
2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.
Есепті кезеңде Бөрлі ауданы әкімінің аппараты бойынша қайталама өтініш тіркелген жоқ.
2021 жылдың І жартыжылдығында аудан басшылығы, дербес бөлімдерінің басшылары ауылдық округі және Ақсай қаласының әкімдері 111 тұлға қабылдады. Соның ішінде, аудан әкімімен және оның орынбасарларымен 59 қабылданды. Азаматтар тоқсан сайын бекітілетін қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қабылдау кестесі, бекітілгеннен кейін «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отырады. Орын алған санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қабылдау қашықтан жүргізілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының аясында ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Аталған шараға аудан басшылығы, дербес бөлімдерінің басшылары ауылдық округі және Ақсай қаласының әкімдері қатысып, 17 адам қабылданды. Сонымен қатар 24 сәуірінде Бастыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастырған «Ашық есіктер күні» шарасына қатысып, аудан әкімі М.Сатқанов 1 азаматты қабылдады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының аясында 1 шілдеден бастап азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі мен «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталықтарын іске қосылды. Аталған жобалар өтініштердің қаралу барысын мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған талдау азаматтардың қажеттіліктерін анықтауға және өңірлер бойынша нақты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. ХҚКО базасында ашылған «Нәтиже» орталықтарының міндеті өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ жүйеде «білім базасы» қызметін пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтықтан кеңес ұйымдастырып азаматтың мәселесін сол жерде шешу.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдар өз күштерін жойып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі-Кодекс) өз күшіне енді.
Жаңа Кодекс азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әкімшілік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру туралы ақпараты «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» гезеттерінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №24 және 29 маусымдағы №26 нөмірлерінде және аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланған.